Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Әке мектебі - тәрбие тірегі.
23
қаңтар
2023

Әке мектебі - тәрбие тірегі.

Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, балалардың қадағалаусыз және қараусыз жүруін алдын алу жұмыстарын нығайту, жанұялық құндылықтарды күшейту, бала тәрбиесіндегі ата-аналар қауымдастығының жауапкершілігін арттыру мақсатында, 20.01.23 жылы  №205 жалпы білім беретін мектепте «Әке мектебінің», «Ана мектебінің», Ата және әже мектептерінің» кеңес мүшелерімен кездесу ұйымдастырылды. Мектепішілік құрылған кеңес мүшелерінің  ұйымдастыруымен  8 сыныптар   арасында   «Қылмыс пен тәртіп бұзушылықтың болу себебі» тақырыбында   кеңес мүшелерімен әңгімелесу сабағы өткізілді

 Мақсаты: 

  • -Әкенің, ананың, ата мен әженің отбасындағы бала тәрбиесіндегі ролін арттыру, ұстаз, ата-ана және оқушы арасындағы байланысты нығайту. 
  • Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықты болдырмау және алдын алу .
  • Отбасындағы ата – ана, ата мен әженің тәрбиесінің ролін, оқушыларды жат қылықтардан сақтануға , салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Әкелер мектебінің төрағасы  Шалабаев Мейрамали ағамыз құқықбұзушылықтың алдын алу, және болдырмау тақырыбында әәңгіме өрбітті, болған жағдайда зардаптары қандай болуы мүмкін екендігін жеткіншектерге түсіндірді.

Аталар кеңесінің төрағасы Тұяқов Мұрат атамыз, оқушыларға жасөспірім шағында өз басынан өткен қызықты оқиғалармен бөлісіп, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. 

Әжелер кеңесінің төрайымы  Тилеубаева Бақыт әжеміз отбасы құндылықтары жайлы өз білгенімен бөлісті.   Саулебаева Лилия анамыз қыздарымызға ер бала мен сыйластық достық қарым -қатынасты нығайту жайлы сұхбаттасты.

Кездесуге 8 «А», «Ә», «Б», және «Ғ» сыныптары мен  сынып жетекшілер қатысты.