Жол полициясы қызметкерлерімен кездесу. Абайла балақай!
Қаңтар айының 26 жұлдызында мектептің 1-5 сынып оқушыларына арналған "Жолда абайла балақай!" атты жол қауіпсіздігіне байланысты жол полиция қызметкерлерімен кездесу шарасы ұйымдастырылды. Кездесуге Алатау ауданы әкімшілік полиция басқармасының мемлекеттік көлік инспекторлары С.Акмаханов пен Р. Оразымбетов оқушыларымызға жолда дұрыс жүру, бағдаршамға бағыну, жол белгілерін білу және қауіп қатердің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұл кездесудің негізгі мақсаты:
1. Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру.
2. Жол қауіпсіздігін сақтауға үйрету, жол ережесінің белгілерімен таныстыру
3. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтай білуге тәрбиелеу.
Көшеде жүру тәртібі мен қауіпсіздік ережесі
1. Көшеде жүру тәртібін дұрыс орындамау қауіпті жағдайдың туындауына алып келуі мүмкін.
2. Көшеден өту үшін арнайы белгіленген жермен жүрген дұрыс.
3. Мектепке келе жатқанда өзіңе қауіпсіз болатын жолды таңдай біл. Өткел тар болса, қарсы кездескен үлкен кісіге жол бер.
4. Мектепке келе жатып үлкен жолдың шетімен жүр.
5. Алдыңнан машина шықса жол бер. Тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт.
6. Жол үстінде ойнама,бөгде адамның көлігіне отырмаңдар деген тәрбиелік мағлұматты оқушыларымызға жеткізу болды.
Мектебіміздің жас жол сақшылары 4 "А" сыныбы оқушылары жетекшісі Арайлым Санақбек оқушыларға жол тәртібі бойынша өлең, хор және көрініс қойылым арқылы жол ережесін бұзбауға шақырды.
Тәрбие сағатының нәтижесі мынадай:
1. Балалар жолдағы жүріс-тұрыс ережелері туралы білімдерін алды және білді, жол ережелері туралы алған білімдерін ойын, драматизация, күнделікті өмірде қалай қолдануға болатынын білді.
2. Балаларды жол ережелерімен таныстыру және олардың өмірде оларды сақтаудағы мұғалімдердің күш-жігері біріктірілді; жол ережелерін білу жүйелі және белсенді түрде таратылды.
3. Балаларға дамушы әсер ететін және танымдық ынталандыратын, балалардың жол бойындағы мінез-құлық мәдениеті туралы білімін қалыптастыратын, олардың өмірі мен басқалардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті дамытатын көрнекі материалдар жасалды.
Дайындаған ДТІЖО Ж.Т. Жетенова



