08
ақпан
2023
«Есіңе мені алғайсың…»атты кездесу өтті
Өзінің дара үнімен , қайталанбас поэзияларымен қазақ әдебитінен ойып орын алған ақындардың біргейі мұзбалақ Мұқағали.
Ақиық ақынның күн сайын аты асқақтап, биіктеп бара жатқаны хақ. Тоғызыншы ақпан туған күніне орай,Алматы қаласы,Алатау ауданы N205 жалпы білім беретін метептікң кітаханасында, көзін көрген рухтас інілерімен(ақындар)кездесу кеші өткізілді.
«Есіңе мені алғайсың…»атты кездесу кешінің шымылдығын мектебіміздің өнерпаз өрендері ашты. Ақынның өлеңдерін жатқа оқып әндерінен шашу шашты .
Қасиетті Қарасаз жерінде туған ақын туралы бүгінге дейін айтылған естеліктерге жас ұрпақ қанық болса да,айтылмаған қырлары мен тың деректерді тыңдауға да асық екен.
Ғасыр ақыны туралы естеліктерді тебірене айтқан Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты,ақын Айтақын Әбдіқал.Қазақ поэзиясының құдіреті жайлы сөз еткен ақын шығармашылығын насихаттап есімін ұрпаққа үлгі етті.
«Мен ХХІ ғасырдың құрдасымын» деп шығармашылығы жайлы ғажайып тұжырым жасап кеткен текті ақынды ,еске алу кешінде немере інісі Мұхтархан Қалиұлы ағасына арнаған өз өлеңін тебірене оқыды.
Қазақ жырының жанартауы жайлы өткен ғажайып кештен оқушылар әдемі әсермен тарқасты.
Кешті ұйымдастырған: Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі



