09
ақпан
2023
Қыс мезгілінде қауіпсіздікті сақтау
Ауа райының көтерілуіне байланысты қала аумағында мұз нәзік және өте қауіпті болуына байланысты келген қызметтік хат негізінде, 09.02.2023ж №205 ЖББ мектептің оқушыларымен қысқы кезде су айдындарында бала өліміне жол бермеу мақсатында, сондай-ақ судағы мінез-құлық ережелерін сақтау бойынша оқушылардың білім деңгейлерін арттыру мен қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде профилактикалық іс-шара жүргізілді. Оқушылар назарына бейнероликтер көрсетіліп,ата-аналар чаттарына ескерту ақпараттары таратылды. 1-10 сыныптар арасында сынып сағаттар өткізіліп, оқушыларға түсіндірме жұмысы жүргізілді. Аталмыш шараның өткізгендігі жөнінде жоғарыдағы фотосуреттер дәлелдейді.



