10
ақпан
2023
«Мұқағали – мәңгілік жыр» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.
«Қазақ тілі мен әдебиеті пәні» бірлестігінің ұйымдастыруымен Ақиық ақын, тау тұлғалы талант, дарынды дарабоз, миллион сырлы сезімнің иесі – Мұқағали Мақатаевтың 92-жылдығына арналған «Мұқағали – мәңгілік жыр» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Әйгілі ақынды еске алуға арналған шарада 1-10 сынып оқушылары ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып,көрермендерді поэзия жырларымен сусындатты. Әділ-қазылар алқасы өз бағасын берді.Жыр сүйер қауымды поэзияның тұңғиығына батырған оқушыларымыз 1-ші, 2-ші және 3- орынмен марапатталды!
Бұл шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтіп, қоғамдық санаға орнықтыру, ақиық ақынның жалынды жырлары арқылы жастардың патриоттық әлеуетін дамыту. «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан -жылға, ғасырдан- ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали – мәңгілік өмір!