"Ауғанның асуында от кешкендер" атты тәрбие сағаты өтті.
Тарихи деректердің маңыздысын аша білуге және материалдарды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге дағдыландыру.Тәуелсіздік жолында күрескен аға - апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу мақсатында мектепте 5 «А», 5 «Б»,5 «Г», 5 «Е»,6 «А», 6 «Ә»,6 «В»,7 «А»,7 «Ғ»,7 «Б»,8 «А»,8 «Ә»,8 «Д»8 «Ғ»,9 «А», 9 Ә» ,9 «В»,10 «А»,10 «Б» сынып оқушыларымен бірге «Ауған асуында от кешкен»атты тәрбие сағаттары өтті.
Тәрбие сағаттарында оқушылар ауған соғысы туралы мәліметтермен арнайы жасалған презентациялар арқылы танысты. «Ауған алауы жадымызда» тақырыбында баяндама тыңдалды.Отан,туған жер туралы патриоттық өлеңдер оқыды.Оқушылармен дөңгелек үстел ұйымдастырылып,ауған соғысына қатысқан батыр ағаларымыз жайлы пікір-таластар өткізілді.










