24
ақпан
2023
«Екі жұлдыз» ән байқауы біздің мектебімізде
Қырандай қалықтап, әсем әнмен шарықтап, Қазақстанды аралап, өнерліні жағалап, алыстан ат арытып, микрофонды тоздырған «Екі жұлдыз» ән байқауы біздің мектебімізде ақпан айының 24-ші жұлдызында өте жоғарғы деңгейде өткізілді. Байқау шарты бойынша қатысушылар екі адамнан жұп құрады: бір ұстаз және бір оқушы. Ән байқауына қатысушылар саны 6 және олар 2 кезең бойынша сайысқа түсті. Байқауға қатысушыларымыздың өнерлері бір-бірінен асып, “сен тұр, мен атайын” дегендей өте тартысты өтті. Әділқазы алқаларының шешімі бойынша: БАС ЖҮЛДЕ - 9 А сынып оқушысы Мұхаметжан Алтын және д/ш пән мұғалімі Сембек Райымбек иеленді; I орын - 10 А сынып оқушысы Қанатбек Алмат және ағылшын тілі пән мұғалімі Джолдыбаева Ақмарал; ІІ орын - 8 Ғ сынып оқушысы Эмре Ямур және математика мұғалімі Исламғали Санжар; ІІІ орын - 6 Д сынып оқушысы Фёдорова Каролина және орыс тілі пән мұғалімі Актумабаева Алия МАРАПАТТАЛДЫ 
Жұлдызды жұптарды алған номинациялары бойынша шын жүректен құттықтап, көк аспанның төрінде жарқырап тұрар тілек айтып, алдағы көктем мейрамымен құттықтаймыз.

