10
қараша
2022
«Үштілділік –заман сұранысы» тақырыбында пікірталас



2022 жылдың 10 қараша күні №205 жалпы білім беру мектеп кітапханашылардың ұйымдастыруымен 9а сынып оқушыларымен «Үштілділік –заман сұранысы» тақырыбында пікірталас өткізді. Оқушылар өздерінің ойларын ашық айтты. Пікірталас өте қызықты өтті.Пікірталастың мақсаты: Балаларымызды ана тілімізді құрметтеуге тәрбиелеу.Тіл біздің ертеніміз, бабалардан қалған мұра екендігін түсіндіру. «Үштұғырлы тіл» туралы идеяны мемлекет басшысы 2006 жылдың қазан айында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясында ХІІ құрылтайында жария етті. Ал 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында «Тілдердің үштұғырлығы» атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазіргі заманғы қазақстандық үшін үш тілді білу — әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты деген болатын.
Бүгінгі әлемде мыңдаған адамдар шетел тілін, соның ішінде ағылшын тілін жұмыста немесе оқуда пайдаланады және ана тілі ретінде меңгереді. Қазіргі заманда ағылшын тілі «21 ғасырдың», халықаралық бизнес, қазіргі ғылым мен технологиялар тілі мәртебесіне ие болды. Ағылшын тілі – дүние жүзіне ең кең таралған халықаралық тіл. Әлемдегі ең көп тараған, әрі қытай тілінен кейінгі халық саны бойынша ең көп пайдаланатын тіл. Ағылшын тілінде әлемге әйгілі Вильям Шекспир, Джек Лондон, Джонатан Свифт, Вальтер Скотт сөйлеген. Бүгінгі күні зерттеушілер ағылшын тілінде сөйлеушілердің саны 1,2 – 1,5 млрд арасында деп тұжырымдайды. Ағылшын тілі – жер бетіндегі кең қолданылатын тіл. Ағылшын тілі әлемнің 75 елінде ерекше орын алады, ал 19 елде ол мемлекеттік тіл болып табылады. ХХ ғ. 60 жылдардан бастап ағылшын тілі кеңінен тарала басталды. Ағылшын тілі көптеген халықаралық ұйымдардың ресми тілі болып табылады. Жер шарында 900 - ге жуық ұлт өмір сүреді. Қазір біздің планетамызда 5651 тіл бар, ол тілдерде миллиардтан астам адам сөйлейді. Өзінің тілін Ана тілім деп атайтын бірден бір халық - қазақ. Өйткені, халқымыз Анасын қастерлеп, қадірлеген. Ең қасиетті, киелі нәрсені Анаға теңеген.