Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1-наурыз Алғыс айту күні!
28
ақпан
2023

1-наурыз Алғыс айту күні!

1- наурыз "Алғыс айту" күніне орай  1-10 сыныптар арасында “Алғысым шексіз, баршаға!”«Алғыс айту -парызым!» атты  тақырыпта тәрбие сағаттары өтті. Мектеп оқушылары елге, жерге құрметтерін ата-анасына, Отанына, ұстазына, досына деген алғыстарын білдірді.
 Мақсаты:
 Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту а) ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру; үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту;

Бұл күн ерекше күн еліміздің бірлігі мен достастығының символы, қонақжайлылығының көрсеткіші ретінде атап өтіледі. Қазақ кеңпейілдігімен, өр жомарттығымен аты шыққан дана халық. Себебі, Кеңес үкіметі кезінде көптеген ұлт өкілдері Қазақстанға жер аударылған еді. бүгінгі таңда Қазақстанда көптеген ұлт өкілдері өмір сүреді. Тәрбие сағаты барысында әртүрлі тренингтер жүргізіп, оқушылармен ойын ойнату арқылы бір- біріне деген жылы лебіздерін білдіртті. Мейірімділік тақырыбында оқушылар көрініс көрсетіп, сабақ барысында жасаған қолөнерлерін бір-біріне ұсынды. Сабақ қорытындысында оқушылар бәріне Алғыстарын айтып, мейірімділік тақырыбын одан ары түсінгендерін айтты! Жоспарға сай құрылған  тәрбие сағаттарын 5 «А»,5 «Е», 5 «Г»,6 «А»,6 «Ә»,6 «Б»,6 «В»,6 «Ғ» ,7 «Ә»,7 «Ғ»,8 «А», 8 «Б»,8 «Ә», 9 «А»,9 «Ә»,9 «В»10 «А», 10 «Ә»,  сыныптары өткізді. Сынып сағаты барысында LED экраннан вертуалды видеолар,танымдық сабақтар көрсетілді.Баяндамалар тыңдалып,оқушылар өздерінің ізгі -тілектерін сурет дәптер бетіне түсіріп,бір-біріне сыйға тартты. «Алғыс айтамын»тақырыбында шығармашылық жұмыстарын көрсетті. 6 «А» «Ә» «Г»,7 «Ғ» «Д», » 7 «А», 8 «Г», 8 «Д» , 8 «А» «Б», 9 «А» «Ә» «В сыныптары қабырға газеттерін шығарды.

Анықтама жазған: ДТІЖО Ж.Жетенова