Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Наурыз мерекесіне арналған «Күй күмбірі» республикалық домбырашылар челленджін өткізілді.
17
наурыз
2023

Наурыз мерекесіне арналған «Күй күмбірі» республикалық домбырашылар челленджін өткізілді.

Домбыра мұнша шешен болдың неге?
 Күй толған көкірегің шежіре ме?
 Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесін
 Саусағым тиіп кетсе ішегіңе
 (Қ. Аманжолов)
 Әлдилeгeн әнiнeн күмбipлeгeн күйiнe дeйiн тұнып тұpғaн ұлттық caнa-ceзiм бoяуы ciңгeн өнep құдipeтi, көнe acпaп – дoмбыpa. Apaғa бipaз жылдap caлып, қaзaқ  дoмбыpacының aбыpoйын, pухaни өpeciн, ұлттық бoлмыcтың aжыpaмac бөлiгi eкeндiгiн epeкшe түйciнiп-түciнe қaбылдaп, мәpтeбeciн қaйтaдaн биiктeтiп кeлeмiз. Пpeзидeнтiмiз Қacым-Жoмapт Тoқaeв 2019 жылы Домбыра күніне арналған баяндамасында осы ұлттық аспабымыздың мектептерде пән ретінде енгізілуі туралы жақсы бастама көтергені бeлгiлi. 
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі білім ұйымдарына жіберген тұжырымдамасын басты назарға алып, мектебімізде 17 - Наурыз сағат 12:00 де  Наурыз мерекесіне арналған «Күй күмбірі» республикалық домбырашылар челленджін өткізілді.

Бұл ЧЕЛЛЕНДЖ мақсаты  – еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктіретін, мереке атмосферасын құруға, өз еліне, өзінің кіші отанына мақтаныш пен тиесілік сезімін қалыптастыруға мүмкіндік беретін, білім алушылардың қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттыратын кең ауқымды республикалық акция. Аталған іс шараға мектеп оқушылары белсене қатысты. Домбырашыларымыз ұлттық киімде Құрманғазы атамыздың күйі «Балбырауын» Құрманғазы қазақ халқының қонақжайлылығына риза болып шығарған күйі және Құрманғазының күйі «Адай» Құрманғазы Адай руының тапқырлығы мен батырлығына таң қалып, шығарған күйі мен Құрманғазы туған жерге, шексіз далаға деген сүйіспеншілігін, бүкіл қазақ халқының бостандыққа деген ұмтылысы  «Сарыарқа» күйін бір уақытта орындап шықты.


Дайындаған: ДТІЖО Ж.Т. Жетенова

https://www.facebook.com/100084260133203/posts/pfbid026qfjSEZNbxA4sSs1jRVM9gxii8Bdt8YnggX5hfcnkYNbJwRMScsM8naYUzwMFnCtl/?d=w&mibextid=SDPelY