«Наурызым- нұрлы ырысым»
2023 жылдың 17 наурыз күні №205 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында Ысқақова Жанат, Кожанова Жанар, 4 «Ә» - сынып жетекшісі Есбосынова Гүлшат апайдың ұйымдастыруымен «Наурызым- нұрлы ырысым» тақырыбында 4 «Ә» - сынып оқушылары театрландырылған қойылым көрсетті. «Көктем келді», «Құтты болсын Наурыз!» әндері орындалып, биші қыздар ортаға шығып, мың бұралып биледі.
Балалар Наурыз тойға жаттап келген өтірік өлеңдерін мәнерлеп айтып берді.
Алдар көсе балаларға «Қамшы алу» ойынын үйретіп, бірге ойнады. Бәріміздің асыға күткен Наурыз мерекесімен құттықтап Атай мен әжей Наурыз қыз ортаға келіп, іс-шараның көркін кіргізді.
Мақсаты: 1. Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесі туралы және ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. 2. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру. 3. Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу.
Сонымен бірге LED экраннан оқушыларға Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесі туралы танымдық сабақтар, видеороликтер көрсетілді.


