Мектебімізде «Әр отбасынан бір ағаш» челленджі өткізілуде...
22 наурыз – қазақтың жаңа жылы, Ұлыстың ұлы күні! Бұл күні адамзат жақсы іс істеуге ұмтылады. Наурызда жасалуы керек игі істердің бірі - ағаш отырғызу. Көктемде жерге тал егу – игі іс. "Атадан мал қалғанша, тал қалсын" дейтін қазақ ағаш отырғызу ісіне баса мән берген. Наурыздың келуін білдіретін, экологиялық тәрбиенің тиімді жолы -тазалық пен қоршаған ортаға қамқорлық жасау.
Наурыз мерекесіне орай Алматы қаласы Білім басқармасы 18.03.2023 келіп түскен жоспары негізінде «Әр отбасынан бір ағаш» челленджін қолдап № 205 жалпы білім беретін мектеп ұжымы өз ауласын тазалап, көркейту-көгалдандыру, санитарлық-тазалық жұмыстары да жүргізілді. Осындай игі іс- шараға айналамызды гүлдендіруге ұстаздар мен оқушылар және ата –аналар да ат салысуда.
Акцияның басты мақсаты сүйікті Алматымыздың көгалдандыруына үлес қосу. Ағаш отырғызу арқылы болашақ ұрпаққа табиғат анаға, күллі жаратылысқа деген ықыласын оятып, адам баласының табиғатпен үйлесімді түрде дамитынын ұғындыру. Қоршаған ортаның жақсаруына өз үлесімізді қосу. Кейде күнделікті қарбаластың ішінде жүріп басқаларға жақсылық жасау үшін өте аз нәрсе керектігін ұмытып кетеміз. Бар болғаны – ағаш егіңіз, сонда қалаңызға деген сүйіспеншілігіңіз жасыл бақ кейпінде мәңгіге есте қалады. Мектеп ауласын гөгалдандыруды бірінші рет ұйымдастырып жатырмыз және де бұл бастаудың сәттілігі сіздердің белсенділігіңізге байланысты, құрметті тұрғындар мектеп ұжымы -деп ризашылығын білдірді мектеп директоры Г.А.Даулетова. Акцияға мектеп білім алушылары өңіріміздің абаттанып, шырайын әрлендіре түсу үшін өз үлестерін барынша қосатынын жеткізді.
Анықтама жазған: ДТІЖО Ж.Т. Жетенова
https://www.facebook.com/100084260133203/posts/pfbid0363hXNrzJoRoNZ7kbwdHSA24W2NhUHT9wPgB9DzcVihrsfiWr4zk6ESMUuzDTo4MYl/?d=w&mibextid=SDPelY


