Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » IV тоқсан жалпы ата - аналар жиналысы өтті
30
наурыз
2023

IV тоқсан жалпы ата - аналар жиналысы өтті

№205 жалпы білім беретін мектепте  30 -31 наурыз «Білімді ұрпақ-ел болашағы» атты тақырыпта жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысты мектеп директоры Даулетова Гүлнара Арыстановна бастап, жиналған ата - аналарды IV тоқсан басталуы және Наурыз мерекесімен құттықтады. Жиын басында қатысушы ата -аналармен жиналыс сергек және сәтті өту, көңіл-күйін ретке келтіру мақсатында мектеп психологтары А. Аукенова Ұ. Тұрақызы  Арт терапиясын  "Оркестр" атты кішігірім тренинг жүргізді. Басқосуда мектеп директоры елімізде қызылша ауруы таралу қаупін алдын алу жолдары бойынша сақтық шараларын ата- аналар басты назарға ұстауы туралы айтылды.  Мектептің ішкі тәртібі туралы, соның ішінде балалардың ұялы телефон қолдануына тыйым салу, ата-аналар және өзге де адамдардың мектеп ішіне рұқсатсыз кірмеуі, сонымен қатар бітіруші сыныптардың мемлекеттік емтихандары туралы мәліметтер баяндалды. Оқу үлгерімі төмендеп жатқан оқушылардың ата-аналарына ескертулер айтылды. Мектеп оқушыларын автобус тасмалдауы уақыты мен бағыттары туралы талқыланды. Құқық бұзушылыққа жол бермеу үшін оқушыларды мектепте сынып жетекшілері, үйде ата - ана тарапынан үнемі бақылау жүйелі болуын айта кетті.    Бауыржан Момышұлы: «тәртіпке бағынған құл болмайды» демекші, мектептің тәртібіне бағыну міндеті қойылды.
 Сонымен қатар, күні кеше Мемлекет басшысы қол қойған «Педагог мәртебесі туралы» ҚР заңы жайлы ақпараттар баяндалып, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, барлығы да ұстаздан білім, тәлім алғандықтан, ұлағатты ұстаздардың мәртебесі туралы да айтып өтті. Жиналыс барысында, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі туралы кішігірім болса да, ой тастарлық видеороликтер көрсетілді. Әлемнің екінші ұстазы әл-Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» – деп айтып кеткендей, балалардың баянды болашақтары үшін педагогтар мен ата-аналардың күшін біріктіріп, өнегелі ұрпақ тәрбиелеу мақсаты алға қойылды. 
Ата-аналар өздерінің тараптарынан әр түрлі ұсыныстар, пікірлер білдіріп және сұрақтар қойды. Қойылған әр сауалға ата аналар тұшымды жауап алды. «Ұл – қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеп, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етейік» – деп мектеп директоры жиналысты аяқтады.

https://www.facebook.com/100084260133203/posts/pfbid0xBxzy7jrJou3ftppzmwH65fF4qGZEDbxS2rUUGzUEaGdmg2KqRTuN2xh4EThiYWvl/?d=w&mibextid=SDPelY

Анықтама жазған: ДТІЖО Ж.Т. Жетенова