«Тарихи-мәдени ескерткіштерімізді қорғау-ұлттық мәдениетіміздің белгісі»атты тәрбие сағаттары өтті.
№205жалпы білім беретін мектептің 5 «Ә»5 «Г», 5 «В» , 5 «Е»,5 «Е»,6 «А»,6 «Ә», 6 «В»,6 «Г»,7 «А»,7 «Б»,7 «Ғ»,7 «В»,7 «Д» сынып оқушыларымен бірге «Тарихи-мәдени ескерткіштерімізді қорғау-ұлттық мәдениетіміздің белгісі»атты тәрбие сағаттары өтті.
Мақсаты: Оқушыларға Қазақстанның мәдени ескерткіштерін таныстыру, олардың тарихы мен ерекшеліктерін түсіндіру.
Оқушылардың ой-өрістері мен білімдерін жетілдіру. Тарихи деректердің маңыздысын аша білуге және материалдарды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге дағдыландыру.
Тарихи орындарды сақтауға, қорғауға тәрбиелеу. Туған жерлеріндегі мәдени орындарды таныту.Мәдени ескерткіштердің тәрбиелік мәнін ашу.
Оқушыларға кесене,ескерткіш,хазар,мұнара сөздеріне түсініктеме берілді. Оқушылар LED экраннан Түркістан, Сайрам, Қазығұрт, Отырар, Сығанақ , Тараз,Шымкент,Саудакент сияқты көне қалалармен танысты. Осы қалаларда орналасқан құнды жәдігерлеріміз туралы танымдық сабақтар көрсетілді.




