Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Әз-Зәһир Сұлтан Бейбарыс Жамақұлының туғанына – 800 жыл толуына орай танымдық сынып сағаттары өтті
05
сәуір
2023

Әз-Зәһир Сұлтан Бейбарыс Жамақұлының туғанына – 800 жыл толуына орай танымдық сынып сағаттары өтті

"Бейбарыс сұлтанның ерлігі" тақырыбында танымдық сынып сағаттары өткізілді.

№ 205 жалпы білім беретін мектепте 04.04.2023 ж. Ұлы билеуші Бейбарыс сұлтанға арналған сынып сағаттары 8-10 сынып арасында Дала ұлысы Сұлтан Бейбарысқа арналған танымдық сынып сағаттарын өткізді. Биыл Ұлы дала топырағында туып Мысырды билеген әйгілі әз-Заһир Сұлтан Бейбарыстың туғанына 800 жыл толды. Дүниені дүбірлеткен Бейбарыс бабамыз бүгінгі ұрпақ біз үшін қашан да мақтаныш. Сондықтан да оның ерлік тарихын жаңғыртып отыру, кейінгілерге жеткізу әр өз тарихын, отанын, ата-бабасын сыйлаған ұрпақтың қастерлі міндеті. Сол себепті де тарихтың сарғайған беттерін қайыра парақтап, қадари-қалімізше Бейбарыс бабамыз жайлы оқушыларымызға ақпарат бердік. 

Мақсаты: оқушыларды Бейбарыс сұлтанның өмірбаянымен және ерлігімен таныстыру. Оқушыларды адамгершілікке, еңбекқорлыққа, отансүйгіштікке тәрбиелей отырып, танымдық қабілететрін, тарихи тұлғаға деген қызығушылықты арттыру. Сұлтан Бейбарыстың өмірбаяны арқылы тарихи тұлғаларымызға деген қызығушылығын арттыруға тәрбиелеу. Оқушыларды адамгершілікке, еңбекқорлыққа, отансүйгіштікке баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру.

Оқушылар ол Мамлюк мемлекетінің төртінші сұлтаны болғанын, оның тағдырын, Мысыр тарихындағы ең танымал билеушілердің бірі болғаны туралы білді. Бейбарыс-құлдан Мамлюк мемлекетінің сұлтанына дейін көтеріле алған адам. Кезінде жат елге құл болып сатылып барса да, тектілігін танытып, қажымас қайраттың, мұқалмас жігердің үлгісін көрсетіп, билік басына көтерілген мамлюк қыпшақтардың рухы тек арада жеті ғасыр өткенде ғана барып, Бейбарыс есімі арқылы ата мекеніне оралды. Қазір өзінің кіндік қаны тамған жерінде – Жайық өзенінің жағасындағы Атырау қаласында биік тұғырға орныққан Бейбарыстың ескерткішке айналған алып тұлғасы тәуелсіз елдің арайлы таңын жерлестерімен бірге қарсы алып, өшпес айғағындай болып асқақ тұр

Көрнекілігі: Сұлтан Бейбарыстың суреті, презентация, бейнероликтер, нақыл сөздер, Сұлтан Бейбарыс туралы кітаптар көрмесі.


Анықтама жазған: ДТІЖО Ж.Т. Жетенова