Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Темірбек Жүргеновтың 125 жылдығына арналған «Алаштың арда ұлы – Темірбек Жүргенов» атты танымдық тәрбие сағаттары
11
сәуір
2023

Темірбек Жүргеновтың 125 жылдығына арналған «Алаштың арда ұлы – Темірбек Жүргенов» атты танымдық тәрбие сағаттары

11.04.2023жылы Қазақ даласындағы өз ұлтының жарқын болашағы үшін күрескен ұлтжанды, зиялы қауым өкілдерінің бірі Жүргенов Темірбек Қараұлына 125 жыл толуына орай танымдық сабақ ұйымдастырылып, "Елі елеген нар тұлға" тақырыбында кітаптар көрмесі қойылды.“Асыл өнердің алып нары – Темірбек Жүргенов”125 жылдығына  танымдық тәрбие сағаттары өтті.

  • Мақсаты: Темірбек Жүргеновтің өмірі мен қызметі туралы оқушыларға мәлімет беру;
  • Оқушыларды өз ойларын ашық айтуға, шапшандылыққа, топпен жұмыс жасау қабілеттерін   дамыту.
  • Оқушыларға Т.Жүргенов туралы мәлімет бере отырып, өз елінің тарихи тұлғаларына құрметпен қарауға тәрбиелеу;

Қазақ өнері мен білімін дамытуға үлкен үлес қосқан Темірбек Жүргеновтің тағылымы мол өнегелі ғұмырын кейінгі өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттауды мақсат тұтқан сондай-ақ тәрбие сағатында  оның елдің ұлттық мәдениетін жандандырудағы баға жетпес үлесі мен ерең еңбегі туралы айтылды. 

Жоспарға сай құрылған   тәрбие сағаттарын 5 «А»,5 «Е»,5 «В»,6 «А»,6 «Ә», ,6 «Г» ,7 «А»,7 «Ғ»,7 «Д»,7 «Б» сыныптары өткізді. Сынып сағаты барысында  LED экраннан« Қазақ театрының атасы , қазақ өнері мен әдебиетінің білімдары, Қазақстандағы оқу-ағарту ісінің талмас жанашыры», -Темірбек Жүргеновтың өмірі мен шығармашылығы  таныстырылды. Тақырып бойынша оқушыларға «Пицца», «Рандом шеңбері» арқылы сұрақтар қойылып, кері байланыс жасалды.