Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Темірбек Жүргенов – біздің тарихымыз»
13
сәуір
2023

«Темірбек Жүргенов – біздің тарихымыз»

       2023 жылдың 13 сәуір күні №205 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында Темірбек Жүргеновтың 125 жылдығына арналған "Темірбек Жүргенов – біздің тарихымыз" тақырыбында  оқушыларға   LED экраннан кең көлемде бейнероликтер, танымдық сабақтар көрсетілді. 

  Мақсаты:  Мемлекет қайраткері және журналист Темірбек Жүргеновтің өмірі мен қызметін жас буынға таныстыра отырып, оларды туған жерін сүюге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.                                

   Оқушыларға Т.Жүргенов туралы мәлімет бере отырып, өз елінің тарихи тұлғаларына құрметпен қарауға тәрбиелеу;

9«Ә» сынып оқушылары Қазақ өнері мен білімін дамытуға өз үлесін қосқан  Темірбек Жүргеновтың жүріп өткен өмір жолдары жайлы  білетін мәліметтерімен бөлісіп, сұрақтарына жауап алды.

     Темірбек Жүргенов Қазақстан үкіметінің халық ағарту комиссары қызметтерін атқарды. Жүргеновтің тікелей ат салысуымен “Қазақстанда мектеп жүйесін реттеу және қазақ орта мектептерін көбейту туралы” қаулы қабылданып, қазақ орта мектептерінің саны артуына негіз қаланды.                                                                                                           

Жүргенов — ұлттық мәдениет пен өнер саласы мамандарын даярлауға көп көңіл бөліп, қазақ жастарының КСРО-ның орталық қалаларындағы оқу орындарында білім алуына көмек көрсетіп отырды.  Жүргенов Қазақстанда алғашқы музыка театрын (қазіргі Қазақ опера және балет театры) ұйымдастыруға үлкен үлес қосты.