«Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына -130 жыл»
2023 жылдың 20 сәуір күні №205 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында «Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына -130 жыл» тақырыбында заманына лайық, ірі табиғатына сай Сұлтанмахмұт Торайғыровтың саналы саяси өмірін, творчестволық қызметін оқушыларға LED экраннан бейнероликтер арқылы көрсетілді. Оқушылар арасында ақынның шығармалары бойынша танымдық викториналық ойындар ұйымдастырылып, әңгімелер циклын өткізді.
Мақсаты: Сұлтанмахмұт Торайғыров өмірі, шығармалары туралы түсінік беру. Өлең арқылы ізгілікке, мейірімділікке тәрбиелеу. Оқушы шығармашылығын, ізденімпаздығын дамыту.
Сұлтанмахмұт Торайғыров –қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы аса көрнекті ақыны, ғажап ақыл ойшысы, «Зор ақылды, талантты, өмірбаяны өте қызық, тамаша жазушысы» («Правда» №171(8217), 21.06.1940 г.). Ол –Ұлы Абай дәстүрін жалғастырушысы. Абай ашқан поэтикалық мүмкіндікті өзі өмір сүрген қоғам шындығын, қайшылығын бейнелеуге еркін де кең пайдаланылған шебер. Сұлтанмахмұт өлеңдегі Абай өрнегін шебер пайдаланушы ғана емес, өзінің ақындық қуат –дарынымен жағалаушы, ілгері дамытушы. Ол –қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті аталатын тұтас дәуірдің айрықша ірі тұлғасы.



