«Ұлттар достығы 1 мамыр-халықтар Бірлігі күні» атты тәрбие сағаттары өтті
Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлт - аралық татулық әрдайым берік болып, қашанда ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін! «Бірлік бар жерде тірлік бар» дейді халқымыз. Осы мақсатта 25.04.2023 жылы №205 жалпы білім беретін мектепте «Ұлттар достығы 1 мамыр-халықтар Бірлігі күні» атты тәрбие сағаттары өтті
Мақсаты: 1 - мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; Ынтымақтастыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық мәдениетін, өзіндік үлгі - өнегесін оқушылардың бойына сіңіру.
Жоспарға сай құрылған тәрбие сағаттарын 5 «Г», 6 «А»,6 «Ә» 6 «В»,7 «А»,7 «Ғ»,7 «Д»,7 «Б»,7 «Ә»,7 «В» ,7 «Г»,8 «Ғ»,8 «В»,9 «А», 9 «Ә», 9 «В» ,10 «Ә» сыныптары өткізді.
Қазақстанда жүзден аса ұлттар мен ұлыстар тұрады. Олардың барлығы дерлік еліміздің ашық аспаны мен көкшіл туының астында бейбіт өмір кешіп жатыр. Түріне нәсіліне қарамастан теңдей білім алып, Қазақстан Республикасының Ата заңы негізінде өздерінің Отанына айналған қазақ еліне барынша қызмет етіп, беделін үстем етіп келеді. Кеңпейілді қазақ халқының дархан даласы жайлаған барша ұлт өкілдері қазақ жерін «Отаным» дейді.
Мектебіміз әртүрлі ұлт өкілдерінен құралған. Сондықтан бүгінгі сынып сағаты ерекше форматта өтті. Оқушылар әртүрлі ұлттық киімдерін киіп,өздерінің ана тілінде құттықтау тілектерін жолдады.
«Бір шаңырақтың астында» тақырыбына суреттер салып, көрме ұйымдастырды. Көріністер қойып, өлең, жыр шумақтарын арнады.LED экраннан 1 мамыр Бірлік күніне орай танымдық видеороликтер көрсетілді.
https://www.instagram.com/p/CrdoxcpNKtN/?igshid=MDJmNzVkMjY=





