«Мектепте буллинг жасауға жол жоқ!» атты Zoom платформасында вебинар өткізілді.
«Мектепте буллинг жасауға жол жоқ!» атты
Zoom платформасында вебинар өткізілді.
Сәуір айының 24 жұлдызында "Алматы дарыны"орталығы ұйымдастыруымен буллинг пен кибербуллингтің зиянын түсіндіріп, алдын алуға арналған «Мектепте буллинг жасауға жол жоқ!» атты Zoom платформасында вебинар өткізілді. Вебинарға № 205 ЖББмектебінің өзін – өзі басқару ұйымы мектеп президенті 10 "А" сынып оқушысы Нұрбек Аружан қатысты. Вебинар ұйымдастырушылары балалар мен жасөспірімдер, тіпті ересек адамдар арасында буллинг яғни кемсіту, шеттету, қорлау жағдайлары аз кездеспейтіндігін айтып өтті. Өкінішке қарай, бұл мәселеге қоғамның көзқарасы біржақты болып келеді. Ата-аналар мен ұстаздардың көпшілігі буллингті қалыпты ахуал санап, оқушының психологиялық, физикалық саулығына мән бермей жатады. Модератор буллинг ұғымы, түрлері мен оның зардаптарын қатысушыларға жан-жақты түсіндіріп өтті. Берілген сауалдарға вебинар қатысушылар кері байланыс жасап, өз пікірлері мен ұсыныстарын айтты.
Буллинг – адам психологиясын бұзып, күйзеліске, жан дағдарысына әкелетін әрекет. Бұл проблеманың алдын алу үшін қоғамның барлық мүшесі үнсіз қалмауы қажет. Осыны ұғынып, аталған мәселенің бар екенін қоғамға сіңірген кезде ғана балалардың болашағы кемел болмақ.


