Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Буллинг және кибербуллингтің алдын-алу" тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
26
қазан
2022

"Буллинг және кибербуллингтің алдын-алу" тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мектебiмiзде зорлық-зомбылықтың алдын-алуда буллинг мәcелеciмен талаптарға cай жұмыcтар жүргiзiлуде.   Буллинг (bullying) – ағылшын тiлiнен аударғанда, қорлау, қудалау, мазалау дегендi бiлдiредi. Адам үйде, мектепте, автобуcта немеcе интернетте, жалпы айтатын болcақ, кез-келген жерде буллингке ұшырауы мүмкiн. Осыған орай  19 қазанда 8, 9,10 сынып білім алушыларына "Буллинг және кибербуллингтің алдын-алу" тақырыбында жиналыс өтті. 

Мақсаты: Жасөспірім кезеңдегі кездесетін буллингтің, кибербуллингтің айырмашылығын түсіндіру, кибербуллингтің салдарынан туындайтын қиыншылықтың алдын-алу. Буллинг, кибербуллинг туралы ақпаратты кеңейту.

Жиналыста қаралған мәселелер: 

1. Буллинг пен кибербуллингтің айырмашылығы

2. Кибербуллингтің салдары

3. Кибербуллинг, буллинг орын алған жағдайда не істеу керек? 

4. Буллингтің қалай алдын алуға болады.

6. Ондай жағдайда ата-анамызға қалай айтамыз? – деген сұрақтарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді, бейнероликтер көрсетілді. Сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Жиналыс барысында білім алушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға жауап алды.