Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Отбасы – тәрбие бастауы»
12
мамыр
2023

«Отбасы – тәрбие бастауы»

2023 жылдың 11 мамыр күні  №205 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында 15 мамыр Халықаралық отбасы күніне орай «Отбасы – тәрбие бастауы» тақырыбында оқушыларға LED экраннан  бейнероликтер көрсетілді. 

      Мақсаты: Ұрпақ тәрбиесінде ата - бабамыздың ұстаған жолын, баланың отбасындағы орнының жоғары бағалағандығын паш ету, бала тәрбиесіне байланысты салт – дәстүр, мақал – мәтелдер, нақыл сөздерді пайдалана отырып, оқушыларды үлкендерді сыйлауға, кішіге көмектесуге баулу. Өзара сыйластыққа, адамгершілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу.

Бейнероликтер көрсету барысында отбасы, адамға ең қымбат, ең жақын адамдар туралы, олардың мейірімділігі, сүйіспеншілігі туралы, имандылығы туралы сөз қозғалды. Қазақ халқының қалыптасқан салт - санасы, әдет дәстүрлері - ғасырлар идеологиясы. Олардың түсінік - нанымы әлемдік санамен ұласып, ғарыштармен ұштасып жататындығы айтылды.

М. О. Әуезов: «Бала ата - ананың тағылымымен» - өседі деген.  «Адам ата - анадан туғанда есті болмайды; естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы мен жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» деген Ұлы Абай.