15
мамыр
2023
№205 ЖББ мектепте «Үздік жас маман- 2023» байқауы
12 мамыр 2023 ж. №205 ЖББ мектепте «Үздік жас маман- 2023» байқауының 3 кезеңінің ашық сабақтары өткізілді. Ашық сабақта әділқазы алқалары жас мамандардың шығармашылығын, ашық сабақтар сапасын, қатысушылардың жаңашыл идеяларын бағалады. 4 «А» сыныбымен ағылшын пәні мұғалімі А.А.Қалмухамбет. «Fast machines2», 5 «Б» сыныбымен жаратылыстану пәні мұғалімі Т.С.Аманкелдиева «Әлемді өзгертетін жаңалықтар», 2 «Ғ» сыныбымен бастауыш сынып мұғалімі А.Б,Исабаева. «Сан есім» , 7 «Д» сыныбымен биология пәні мұғалімі К.П.Котлярова «Значение и практическое применение бактерий в жизни человека» , 5 «А» сыныбымен Саятқызы Арайлым «Тауға саяхат» тақырыптарында ашық сабақтарын өткізді. Жас мамандар ашық сабақта «LearningApps», «Тик-ток» т.б. әртүрлі әдіс- тәсілдерді көрсетіп, және QR арқылы телеграммнан тапсырмалар орындады. Жас мамандарға сәттілік тілейміз!







