"Алматы қаласының заманауи білім күндері" қала форумы (фестиваль)
№ 205 ЖББ мектептің 9,10 сынып оқушылары 21 мамыр күні "Алматы қаласының заманауи білім күндері" қала форумы (фестиваль) Панфилов және Жібек Жолы көшелерінің бойында өткен ашық алаңда іс – шараға қатысты. Алматыда «Алматыдағы заманауи білім беру күндері» фестивалі – мектеп пен колледж түлектеріне, сондай-ақ «қайда оқуға баруға болады?» деген сұрақ мазалап жүрген жастарға арналған бірегей іс-шара өткізілді. Фестиваль алаңдарында Алматы қаласы білім беру мекемелерінің өкілдері оңтүстік астана тұрғындарымен және қонақтарымен өзекті оқу бағдарламаларымен бөлісіп, еңбек нарығындағы белгілі бір кәсіптің жағдайы туралы әңгімеледі, кәсіби мансапты жоспарлау бойынша кеңестер берді. Мектеп түлектері, ұстаздар түрлі бағыттар бойынша тамаша көрмелер, қызықты шеберлік сыныптары, тұсаукесерлер, көше қойылымдары мен флеш-мобтар көріп тамалашалады. Шеберлік сыныптарында жоғары оқу орындары мен колледждердің өкілдері әртүрлі кәсіптердің ерекшеліктерін көрсетеді, қажетті өту балдарының санын, белгілі бір оқу орнына түсуге қалай дайындалу керектігін және осы салада сұранысқа ие маман болу үшін қандай дағдылар қажет екенін түсіндірді. Іс-шараға Ұлттық тестілеу орталығы қатысты, оның сарапшылары ҰБТ-ның жаңалықтары туралы түсіндіріп, жақсы балл жинау үшін қалған кезеңде тестілеуге қалай жақсы дайындалу керектігі туралы кеңестер берді. Білім беру бағдарламаларының форумы «Люмьера», «Цезарь» кинотеатрларының залдарында және Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының конференц-залында өткізілді.
Анықтама жазған: ДТІЖО Ж.Т.Жетенова











