«Бақытты балалар - бейбіт елдің тірегі»
2023 жылдың 23 мамыр күні №205 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында кітапханашылардың ұйымдастыруымен 1 - маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты балалар - бейбіт елдің тірегі» атты ертеңгілік өтті.
1 - маусым 1950 жылдан бастап, Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді. Біздің Қазақстан Республикасында балалар құқығы заңмен бекітілген. Әр бала мектепте мемлекет тарапынан тегін тәрбие мен білім алуға құқылы.
Мақсаты: «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту. Балалардың өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Олардың өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу.
Балалар күніне арналған мерекелік шараны мектеп директоры Гульнара Арыстановна ашып беріп, бастауыш сынып оқушыларын төл мерекесімен құттықтап «Болашақтарың жарқын, аспандарың ашық, елімізді өркендетер, келешектің кемеңгері болыңдар» - деп өзінің ақ тілегін білдірді.
3 «Ә» сынып оқушысы Медет Айсұлтан домбырамен «Адай күйі» орындаса, Абдуала Асылым «Әжетайым» әнін керемет шырқап берді.
3 «Б» сынып оқушылары әр түрлі тақырыптарда тақпақтарын жатқа айтты.
3 «В», 4 «Г» сынып оқушылары болса «Буратино ертегісі» қойылымын шебер орындап, өз өнерлерін көрсетті.
3 «Ә» сынып оқушылары Айзере мен Аяулым «Қуыршақ» биін билеп көпшіліктің көңілінен шықты. Соңында «Әрқашан күн сөнбесін» әнін оқушылар қазақ, орыс тілдерінде нақышына келтіріп орындады.
«Бақытты балалар - бейбіт елдің тірегі» атты ертеңгілікті мектеп директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанна Тлеубаевна қорытындылады.



