«1- Маусым Халықаралық балаларды қорғау күні»
Алматы қаласы, Алатау ауданы, №205 ЖББ мектебінің бастауыш сынып жетекшілері 30.05. күні оқушылармен «1- Маусым Халықаралық балаларды қорғау күні» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді.
Өткізілген сынып сағаттарының мақсаты: «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту. Ойын - сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу. балалардың қорғау күні әр жылдың 1 маусымында өткізілетіні жайында жеткізіп кету және балаларды қорғауымыз болды.
Ең керемет мерекелердің ішіндегі мереке, әрине ол «1 Маусым Халықаралық балаларды қорғау күні». Балалардың жүздеріндегі қуанышын көріп, өзің қосылып қуану. Дүние жүзі бойынша балалар бір бірлерін құттықтауға асығуда. Біздер де сендерді құттықтай отырып аңсаған армандарыңа қол жеткізіп, мол бақытқа кенелулеріңе тілектеспіз.
Балаларға әрқашан да жарқырап жүрулеріңе тілектеспіз!
Тағы да бір мерекелерің мен құттықтаймыз!



