«Туған өлкем, тал бесігім» тақырыбында «Томирис» жазғы сауықтыру лагері
Мектеп жанындағы "Томирис" жазғы лагері өз жұмысын жоспар бойынша жүргізді. Топ жетекшілері оқушыларды күнделікті жақсы көңіл- күймен қарсы алып, мектеп медбикесі әр оқушының денсаулығын тексеріп отырады. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Е.Эсентурулы және мектеп психологы оқушыларға көңілді әуенмен таңғы жаттығулар жасатты. Дене жаттығуының адам денсаулығына пайдасы туралы мәліметтер оқушыларға үнемі айтылып отырды. Көңілді әуенмен жүргізілген жаттығулар балалардың өз уақыттарын лагерде жақсы көңіл- күймен өткізуіңе ықпал етті. «Томирис» жазғы сауықтыру лагерінің балалары «Туған өлкем, тал бесігім» тақырыбында табиғат аясына экскурсиялық серуен жасады. Балалар таза ауада асыр салып ойнап, уақыттарын қызықты өткізді. Жергілікті жерлерде өсетін өсімдіктермен танысты. Туған өлкенің қатпар-қатпар бөктеріне шығып, саф ауасымен тыныстап, жаңа достар тауып әр түрлі ойындар ойнады.




