Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Томирис жұлдыздары» байқауы өтті.
13
маусым
2023

«Томирис жұлдыздары» байқауы өтті.

Бүгін 13.06.2023ж күні "Томирис" жазғы лагерінде балалар мемлекеттік гимн айтып, көңілді таңғы жаттығумен сергіп алды. Жоспарлы үйірме жұмыстарының жетекшілері балаларды үйіріп қызығушылығын арттырып, үйретері көп болды. Сонымен қатар, көңілді спорттық эстафеталық сайыстар өткізілді. Түскі астан кейін «Жалын» тобының жетекшісі А.Исабаеваның ұйымдастыруымен «Томирис жұлдыздары» атты тақырыпта жас өрендер арасында байқау өткізілді. Жұлдызды додада бүлдіршіндер ән айтып, бірі мың бұралып би билесе, енді бірі хормен әні мен өлеңдері, өнер сүйер қауымға тамаша көңіл-күй сыйлады. Байқауға әр түрлі жас санаттары бойынша вокал, аспаптық және хореография өнерінен сынға түсті. Байқау қорытындысы шығарылып барлық өнерлі қатысушылар марапатталды. Балалардың ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылығына шабыт беретін байқауда жеткіншектердің арасындағы таланттарды анықтау мақсатында өткізілді.