«Томирис» жазғы лагері балалары Ахмет Байтұрсынұлы атындағы музейде
Бүгін 14.06.2023ж күні "Томирис" жазғы лагерінің балалары Алматы қаласындағы 4450 метрге созылып жатқан Байтұрсынұлы көшесінің бойындағы бөренеден тұрғызылған, нөмірі 60-үйге АхметБайтұрсынұлы атындағы музейгесаяхаттап барды. Қазақ халқына қалтқысыз қызмет қалған Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлы осы үйде тұрған. Ұлағатты ұлт ұстазы ғұмырының соңғы күндерін дәл осы мекен-жайда орналасқан 4 бөлмелі үйде өткізген. "Тарихи тұлғаның көзі тірісінде қолы тиіп, кәдесіне жаратқан бұйымдар бұл күндері сақтаулы екен. Төрт бөлмеден тұратын мұражайдағы ең үлкен әрі жарық екі бөлмеде Байтұрсынұлының отбасына және замандас достарына қатысты құнды мағлұматтардың түпнұсқасы мен көшірмесі және бірең-сараң экспонаттар бар. Ал үшінші тар әрі қараңғы бөлмеге санаулы ғана экспонат қойылған екен. Мұнда Ахмет Байтұрсыновтың ату жазасына кесілер алдында түскен фотосуреті ілініп тұр. Кішігірім мұражайды бір демде аралап шығатын келушілер дәл осы суреттің жанына келіп ұзақ уақыт ой үстінде қалады. Себебі бұл – ұлт ұстазынан қалған соңғы естелік. Балалар Ұлт ұстазының өмірімен, шығармашылығымен танысып, қызықты ақпараттар біліп, білімдерін толықтырып қайтты.😊👏
