Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1-қыркүйек – Білім күніне орай салтанатты жиынның өткізілуі туралы
01
қыркүйек
2023

1-қыркүйек – Білім күніне орай салтанатты жиынның өткізілуі туралы

Бүгін Алматы қаласы. Алатау ауданы № 205 жалпы білім беретін мектеп ауласында сағат 09.00-де 1,8,9,10,11. сағ: 11.00 де 2,3,4,5,6,7, үшін 1 – қыркүйек білім күніне арналған «МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» тақырыбындағы «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиыны өтті.  

Салтанатты іс-шараның мақсаты: жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың оқуға құштарлығын ояту, білім алуға жағымды көңіл-күй мен оң көзқарас қалыптастыру.

Мектеп келешекті тәрбиелейтін киелі шаңырақ болса, осы шаңырақ басшысы Даулетова Гүлнара Арыстановна алғашқы сөз кезегін алып, оқушыларды, ата-аналарды, ұстаздарды, салтанатты жиынға қатысушы қонақтарды «Білім мерекесімен» құттықтады. Салтанатты саптық түзілісте мектептің ерекше жетістіктері аталып өтілді. Мектеп өміріне белсене араласқан ұстаздарды Алғыс хаттарымен марапатталды. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Гимнімен ашылды.   «Тамар би ансамбльі» бишілер тобы «Тұмар» биін билеп, бүгінгі салтанатты кештің көркін арттырды. Мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған жас бүлдіршіндер барша жиынға қатысушыларға өз өнерлерін ұсынды. Алдымен 1 сыныпқа қабылданған жарқын болашақтың кішкентай бүлдіршіндері өлең шумақтарын, тақпақтарын айтып, жұрттың қошеметіне бөленді.  Ақ бантик тағып, бірдей мектеп формасын киген оқушылар мереке сәнін келтірді.
 Мерекелік шара барысында «ҚазақстанРеспубликасыІшкіістерминистрлігі Мақан Есболатоватындағы

Алматы академиясы» бастығы полиция генерал-майоры Сайтбеков Айдар Мүтәлікұлы мектеп табалдырығын алғаш аттағалы тұрған 250 бүлдіршінге «Жолда жүру» ережелерді сақтауды үйренуге арналған бояу дәптерлерін сыйға тарту етті.  Салтанатты жиынға келген құрметті қонағымыз Желтоқсан оқиғасының ардагері Абдірахманов Еркін мырза ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады. 2023-2024 жаңа оқу жылының басталуы туралы бұйрықты директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Б.Абдырахпанова таныстырды. Алғашқы қоңырауды күмбірлете соғу үшін мектебіміздің биыл түлеп ұшатын үздік түлектері  11 А сынып оқушылары Қалижан Алуа, Нұрбек Аружан, Сыргабаев Асет. 11 «Ә» сынып үздік оқушысы  Бабахан Томирис  және мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндеріміз Әлімхан Жансұлтан, Ғабдымұталап Арсен, Асамбек Айжұлдыз11 Б сынып үздік оқушылары Ислам Ратмир, Альмухамет Темирланға берілді.

«Білім күніне арналған «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт».  атты алғашқы сынып сағаттары өткізілді. Мереке  күні  оқушылардың өмір қауіпсіздігі мен  өрт   қауіпсіздігі шараларын  қатаң  сақтау,   қоғамдық  тәртіптің   сақталуын   қадағалау, құқық  бұзушылық  әрекеттерді   болдырмау  және  алдын   алу  мақсатында мұғалімдер  кезекшілігін   ұйымдастырылды. 1 – қыркүйек білім күні мерекесінде мектепте еш келеңсіздік орын алған жоқ.


Анықтама дайындаған: ДТІЖО Ж.Т. Жетенова