Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Дене сергіту» атты жалпы республикалық челлендж өткізіледі.
08
қыркүйек
2023

«Дене сергіту» атты жалпы республикалық челлендж өткізіледі.

Бүгін 8 қыркүйек күні Алматы қаласы. Алатау ауданы № 205 жалпы білім беретін мектеп ауласында сағат 12.00-де «Дене сергіту» атты жалпы республикалық челлендж өткізіледі. Челлендждің мақсаты – балалардың салауатты өмір салтын насихаттау. Челлендждің міндеттері:  физикалық, психологиялық стрессті төмендетуге ықпал ету;  оқу іс-әрекеті процесінде шаршаудың алдын алуға, физикалық белсенділікті арттыруға ықпал ету;  балалардың денсаулығын сақтау мақсатында жұмыс қабілеттілігін арттыруға ықпал ету. Сергіту сәті – білім алушылардың ұзақ монотонды позасынан туындаған статикалық кернеуді жеңілдету мақсатында сергіту сәті жаттығуларын өткізуге арналған сабақ процесіндегі қысқа мерзімді үзілістер. Сергіту жаттығуларының кешені қарапайым орындалатын техникалық қозғалыстардан тұрды. Оқушыларымыз жаттығулар кешенін челлендждің жылдам үйреніп музыкалық сүйемелдеумен  көңілді өткізді. 

Анықтама жазған: ДТІЖО Ж.Т.Жетенова