19
қыркүйек
2023
«Еңбекқорлық және оның табысқа әсері» атты сынып сағаттары өтілді.
№205 жалпы білім беретін мектепте 19 қыркүйек күні мектебімізде «Еңбек күнін» атап өту қарсаңында адал еңбек пен еңбекқорлық мәдениетін кеңінен насихаттау мақсатында кестеге сәйкес«Еңбекқорлық және оның табысқа әсері» атты сынып сағаттары өтілді. 1-4 сыныптарына "Ұлттық мұра қазақ тілін ұлықтау", 5-6 сыныптарына "Еңбекқорлық және оның табысқа әсері" сабағының мақсаты: Оқушыларды еңбекке баулу, еңбек етуден ерінбеуге шақыру. "Еңбектің наны тәтті" деген мақалдың мағынасын ашып түсіндіру.Сынып сағаттары оқушыларға нағыз еңбек адамы әр ісіне, әр қадамына жауапкершілікпен қарайтын, өзгенің еңбегін бағалайтын адал азамат екендігін түсіндіруге бағытталды.



