Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
қыркүйек
2023

Дара тұлға Бейбарыс

   2023 жылдың 21 қыркүйек күні №205 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында «Оқитын ұлт-оқуға құштар мектеп» жобасы аясында           «Дара тұлға Бейбарыс» тақырыбында Сұлтан Бейбарыстың туылғанына    800 жыл толуына орай  8, 9-сынып оқушыларына LED экраннан вертуалды видеолар, танымдық сабақтар көрсетіліп, Сұлтан Бейбарыстың өмірбаянымен таныстырылды.
Мақсаты: Сұлтан Бейбарыстың өмірбаяны арқылы тарихи тұлғаларымызға деген қызығушылығын арттыруға тәрбиелеу.Оқушыларды адамгершілікке, еңбекқорлыққа, отансүйгіштікке баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру.
Биыл Ұлы дала топырағында туып Мысырды билеген әйгілі әз-Заһир Сұлтан Бейбарыстың туғанына 800 жыл толды. Дүниені дүбірлеткен Бейбарыс бабамыз бүгінгі ұрпақ біз үшін қашан да мақтаныш. Сондықтан да оның ерлік тарихын жаңғыртып отыру, кейінгілерге жеткізу әр өз тарихын, отанын, ата-бабасын сыйлаған ұрпақтың қастерлі міндеті.