05
қазан
2023
Мектеп парламент тынысы “Дублер күні”
[media=https://www.facebook.com/100084260133203/videos/1358635948401625/]
Ұстаздар мерекесі орай 2023 жылдың 05 қазан күні №205 ЖББ мектебінде “ДУБЛЕР КҮНІ”, яғни білім алушылардың өзін-өзі басқару күні өтті.
Дублер күнінің мақсаты - мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру.
“ДУБЛЕР КҮНІН” өткізу мақсатында мектепте Парламент Президенті Кубеева Сымбат бастаған 11 сынып оқушыларымен 10 сынып оқушылардан бастамашыл топ құрылды. Сонымен қатар жоспар бойынша алдын ала өзін-өзі басқару күнін өткізу ережесі, мақсаты мен міндеттері, өткізу форматы мен тәртібі айқындалды.
Мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдерінің рөлін мектеп Парламент Президенті, 11 сыныппен 10 сынып оқушылары атқарды. Әр пән бойынша оқушыларға әдістемелік көмек көрсетілді. Нұсқау беріліп, жиын өтті. Оқушылар өз бейімдеріне орай, пән мұғалімдерінің қызметін бөліп алысты. Екі ауысымда да сабақ өткізіп, оқушылармен тығыз байланыста болды. Сабақтан кейінгі үзілістерде мұғалімдермен оқушылардың көңілін көтеру мақсатында мектеп парламенті әртүрлі қызықты қимылдар өткізді: флешмоб, ән мен би, күйде орындалып, тақпақтар оқылды.
Мұғалімдер мен мектеп әкімшілігінің рөлін ойнаған балалар мұғалімдердің жұмысының қаншалықты қиын және маңызды екенін түсінді, бұл жұмысқа жауапкершілікті сезінді және мұғалімдеріне алғыс айтты. “Дубль күні” мерекелік концертпен жалғасты. Бұл іс – шараларға біздің мектептің ардагер педагогтары да қатысып, мектеп оқушылары мен ұжымына өз ризашылықтарын білдірді. @akmurzaevakarlygash @alatau__cargo @edu.almaty