Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мектептегі өзін-өзі басқару күні: іс-шараны ұйымдастырудың қызықты идеялары" тақырыбында қалалық дөңгелек үстел өткізілді.
12
мамыр
2023

"Мектептегі өзін-өзі басқару күні: іс-шараны ұйымдастырудың қызықты идеялары" тақырыбында қалалық дөңгелек үстел өткізілді.

2023 жылғы 12 мамырда "Алматы Дарыны" орталығының ұйымдастыруымен ZOOM платформасында онлайн форматта "Мектептегі өзін-өзі басқару күні: іс-шараны ұйымдастырудың қызықты идеялары" атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. 

Мақсаты: Өзін-өзі басқарудың, өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылау және жариялау, тиімді басқару қызметін арттыру және білім алушылардың көшбасшылық қасиеттерін тәрбиелеу. Аталған іс-шараның сарапшылары: Ермухамедова Жибек Ельдесовна, "Алматы Дарыны" орталығы, директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары: Данилова Эмина Ридвановна -"№113 мектеп-гимназиясы", Жетенова Жанна Тлеубайқызы - "№205 ЖББ мектеп" Баратова Тельмира Тельмановна - "№155 мектеп", Жақсыкелдинова Әсел Маликовна - "№104 мектеп" болды. Дөңгелек үстелге Алматы қаласы мектептерінің директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары,  аға тәлімгерлері, барлығы-147 адам қатысты. Дөңгелек үстел бағдарламасында "Дублер күннің қызықты бастамасы", " Мектеп оқушыларына арналған ерекше сабақтар,   "Дублер күннің сәтті аяқталуы " тақырыптары талқыланып өтті.

Дөңгелек үстелдің ерекше есте қаларлық сәті шағын топтардағы практикалық бөлім болды, онда қатысушыларға әдістемелік бірлестіктер (жаратылыстану-математикалық бағыт, қоғамдық-гуманитарлық бағыт, көркемдік-эстетикалық бағыт, бастауыш сыныптар) бойынша сессия залдарына қосылу ұсынылды. Бұл топтарда қатысушылар дублёр күнін өткізудің қызықты және ерекше тұстарын, өзгеше идеяларын білдірді, әртүрлі бағыттағы сабақтардың шағын жоспарларын жасады, тәжірибе алмасты. Осы жұмыстан кейін әр топтың спикерлері конференцияның жалпы негізні залында жұмыстарын  қорғап, сапалы кері байланыс жасады.

Жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша өзекті ұсыныстар қабылданды. Қорытындылау кезіңінде қатысушылар дөңгелек үстелді жоғары деңгейде ұйымдастырғаны және қызықты өткізгені үшін алғыстарын білдірді. Дөңгелек үстел қатысушыларынан кері байланыс жүргізіліп, ұсыныстары тыңдалды. 


whatsapp-video-2023-05-11-at-15_41_04-2.mp4 [3,2 Mb] (cкачиваний: 2)