Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "International Education Fair 2023" Халықаралық білім көрмесіне 11 сыныптар қатысты.
05
қазан
2023

"International Education Fair 2023" Халықаралық білім көрмесіне 11 сыныптар қатысты.

4 қазан 2023 жылы "Ali Group" білім және мәдениет, медиа компаниясының ұйымдастыруымен "Bilim" ЖШС бастамасымен "International Education Fair 2023" Халықаралық білім көрмесіне 11 сыныптар қатысты. "International Education Fair 2023" жыл сайын өткізілетін білім көрмесі, көрмеге әлемнің 60 - тан астам елдерінің оқу орындары қатысты.  Көрмеде қазақстандық талапкерлерге білім бағдарламаларын ұсынды.  Шетелдік жоғары оқу орындарына түскісі келетін оқушылар саны көп. Осы көрме елордадан бөлек Шымкент пен Алматыда ұйымдастырылады. Жыл сайын біздің орталық арқылы 5 мыңнан астам талапкер шетелде оқуға түседі. Көп таңдалатын ел Түркия және Италия. Бүгінгі көрмеге түрлі елдер жоғары оқу орындарының өкілдері қатысып отыр. Қатысып жатқан оқу орындарының дені техникалық мамандықтарды оқытады. Бұған дейін Мемлекет басшысы елімізге техникалық мамандарды даярлау қажеттігі туралы айтқан болатын. Одан бөлек, гуманитарлық және медициналық жоғары оқу орындарының өкілдері бар.   Карлыгаш АкмурзаеваАлатау Білім Бөлімі