12
қазан
2023
Абайдың қара сөздері
2023 жылдың 12 қазан күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Алатау аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Абайдың қара сөздері» атты байқау №185 жалпы білім беретін мектеп базасында өтті. Байқауға білім бөліміне қарасты 30 мектептің 5,6 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар Абайдың қара сөзін жаттқа айтты.
Мақсаты: Абайдың қара сөздерін терең меңгерту, тәрбиелік мәнін түсіндіру, сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру. Халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, дәстүр мен жаңашылдық, оның адамзат тарихы мен тығыз байланысы жайындағы білімдерін қалыптастыру. Ғұламаның қара сөздері арқылы жақсы қасиеттерге баулу, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру.
Іс шара оқушыларға өте қатты ұнады. Байқау барысында оқушылар өте жоғары деңгейде дайындалып келгендіктерін көрсете білді. Соның ішінде «Абайдың қара сөздері» аудандық байқауында топ жарып, жеңімпаз III дәрежелі дипломмен 5«А» сынып оқушымыз Іргебай Аяулым марапатталды. Жетекші Ысқақова Жанат. Іргебай Аяулымды жеңісімен құттықтай отырып, алдағы уақыттада №205 жалпы білім беретін мектебіміздің мақтанышы бола бер демекпіз.
