20
қазан
2023
«Менің Отаным-Қазақстан Республикасы!»
2023 жылдың 20 қазан күні №205 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында «Менің Отаным-Қазақстан Республикасы!» Егемен Қазақстанның қалыптасуы мен жетістіктеріне арналған тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылып сонымен қатар оқушыларға LED экраннан танымдық сабақтар көрсетілді.
Мақсаты: Оқушыларды өз Отанын сүюге, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін, Республика күні яғни 25 қазан – ұлттық мерекеге, ал Тәуелсіздік күні яғни 16 желтоқсан – мемлекеттік мереке күнін сезініп, қастерлейтін саналы да парасатты азаматтар тәрбиелеу. Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
1990 жылы 25 қазанда Республиканың жоғары кеңесі еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуының құқықтық негізін қалаған Декларацияны қабылдады. Осы тарихи маңызды қадам арқылы Қазақстан дербестіктің, тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағын басты. Сол уақыттан бері мемлекетіміз өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына төтеп бере отырып, даму мен өркендеу жолында келеді. Қазақстан халқы өзінің ұлтына, сеніміне, жақсы мен дүниетанымына білім деңгейіне қарамай, еліміздің гүлденуіне бағытталған әлеуметтік – экономикалық, саяси – қоғамдық өміріне белсене араласып келеді. Республика күні "Ұлттық мереке" болып алғаш рет 1995 жылы 18 қазанда жарияланған еді. Алайда ғұмыры ұзаққа бармады: алты жылдан кейін бұл мәртебеден айырылып, "мемлекеттік мереке" санатына өтті.
Ал 2009 жылы сәуірде "Мерекелер туралы" заңға өзгерістер енгізілді. Оған сәйкес, Қазақстанда Республика күні аталып өтпейтін болды.
Былтырғы маусым айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қазан – Республика күнін қайтаруды ұсынды. Мемлекет басшысы оған "Ұлттық мейрам" мәртебесін беру қажет екенін мәлімдеді.

