24
мамыр
2023
Мемлекеттік рәміздер - ұлттың тарихы
Биыл мемлекеттік рәміздеріміздің қабылданғанына 30 жыл толып отыр.
1992 жылдың 4 маусымы Қазақстанның рәміздері бекітілген күн болып тарихта қалды. 2007 жылғы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заңы мемлекеттік рәміздерімізді пайдалану тәртібі нақтыланды. Мемлекетіміздің Елтаңбасы қазақ тіліне аударғанда, ол «таңба», «белгі», тіпті «мұра» деген мағына береді. Бұл термин ежелгі түркі қағанаты (551-630 жылдар) кезінен қолданыла бастаған. Одан бергі уақытта қазақ хандығы тұсында да ту мен таңбаның мәніне айрықша назар аударған. Халқымыз қашан да Туын, елтаңбаларын қасиетке балаған. Тарих беттеріне көз жүгіртсек, қазақ жеріне көз тігушілер аз болмаған. Сондай бір қиын - қыстау кезеңде ұлы дана бабаларымыз Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би Ордабасыдағы жиыннан кейін, Әбілхайыр хан үш жүздің басын қосып, Бөгенбай батырға қазақтың туын ұстатқан екен. Қазақ батырлары жауға қарсы жорыққа шыққанда да Туды қасиет санаған. Жаумен шайқас кезінде қазақ жасағы Тудан рухы көтеріліп, аруақтанып кететін болған.
Бүгінде жастарды патриоттыққа тәрбиелеудің түрлі жолдары қарастырылып келеді. Соның бірі жастар, жас өрендер арасында ұлттық нақыштарымыз рәміздерді насихаттау. Рәміз – бұл мемлекеттің төлқұжаты десе артық айтпаған болар едік. Рәміздерді насихаттаудағы мақсат – әрбір жас буын жеткіншектің Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстан Республикасының рәміздері туарлы түсініктерін қалыптастыра отырып, рәміздерімізді дәріптейтін тәрбиелік маңызы бар іс-шараларға мән берілуі қажет. Оларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Қазақстанның қазіргі таңдағы елтаңбасы үлкен еңбектің арқасында, екі сәулеткер Жандарбек Мәлібек пен Шота Уәлихановтың шығармашылық ізденістерінің нәтижесінде дүниеге келді.
«Ұлттық рәміздеріміз ұлттың бірегейлігі мен ұлылығын көрсетеді. Мемлекеттік рәміздерді қастерлеу, қасиетін білу, оны жүрекке тоқу – отансүйгіштіктің белгісі. Еліміздің жастары, өскелең ұрпақ патриот болсын десек, олардың бойына жастайынан осындай ұғымды сіңіруіміз қажет.
Мемлекеттік рәміздер еліміздің көпшілік азаматтарын отансүйгіштікке тәрбиелеуде ерекше маңызға ие. Осы мақсатта қазіргі таңда еліміздің рәміздерінің мәні мен мағынасын және олардың қолданылуын, сондай-ақ мемлекеттің қалыптасуын түсіндіру жұмыстары қазақстандық отансүйгіштікті және азаматтық позицияны нығайту үрдісіндегі бірден-бір маңызды факторға айналып отыр.
Спорт сайыстарында да еліміздің көк Туын көкке көтеру әрбір спортшының арманы.
Мемлекеттік рәміздер ұлттық бірегейліктің қалыптасу тірегі және әрбір мемлекеттің дамуының ажырамас бір бөлігі болып табылады. Ендеше биылғы мемлекеттік рәміздеріміздің 30 жылдығы аясында рәміздерімізді ұлықтау әрқайсымыздың міндетіміз болып табылады.
