1 тоқсан аяқталуы ата-аналарға "Ашық есік" күні өтті.
Бəсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру - мемлекеттің алға қойған межелі мақсаттарының бірі. Бала дүниеге келгеннен бастап, білім беру, тəрбиелеу, саналы, салауатты азамат етіп тəрбиелеу ата-ананың міндеті екендігі заңмен жүктелген. Əрбір үйдің қуанышы, мемлекеттің болашағы балаларды мектепке бергеннен бастап, балада үш жақты орта қалыптасады. Ол мектеп. Ол қоғам. Ол ата-ана, жанұясы. Ата-ана мен байланыс орнату, оқушылардың үлгерімі мен тəртібін заңды өкілдеріне дер кезінде хабардар ету бүгінгі күні білім беру ұйымдарының мақсатты жұмысы. Осы орайда 28.10.2023 ж күні № 205 жалпы білім беретін мектепте «Үштік одақ» атты мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың 1-бөлімінде мектептің психологтары: А.Аукенова, У.Тұрақызы ата-аналарға жақсы көңіл күй сыйлап музыка терапиясын өткізді. Мектеп директоры Г.А.Даулетова ата -аналарға мектептің тыныс,тіршілігі мен оқу процессі жайлы жалпы мағлұмат беріп, үштік одақ үнемі үзілмейтін қалып екендігін айтып, ата -аналарға жылы лебізін білдірді. Ата -аналар оқушыларымыз дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалады. 2-бөлімінде 1-11 сыныптың сынып жетекшілері І- тоқсанның қорытындысы мен оқушылардың оқу үлгерімі туралы, күзгі демалысты дұрыс ұйымдастыра білу, күзгі демалыста өмір қауіпсіздігі, кешкі рейд туралы айтып, күн тәртібіндегі барлық мәселелер қамтыды жаңа оқу жылындағы ерекшеліктері мен өзгерістер туралы және мектептің ішкі тәртіп ережелері жайлы түсіндіріліп, сұрақтарға жауап беріді. Жиналысқа келген ата- аналар жаңалықтардан хабардар болып, өз ойларындағы бірнеше сұрақтың жауабын мектеп әкімшілігі мен ұстаздардан алды.
