Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ұлттық теңге – ел тәуелсіздігінің белгісі»
15
қараша
2023

«Ұлттық теңге – ел тәуелсіздігінің белгісі»

2023 жылдың 15 қараша күні кітапханада 15-ші қараша Ұлттық валюта-теңге күніне орай «Ұлттық теңге – ел тәуелсіздігінің белгісі» тақырыбында оқушыларға LED экраннан танымдық сабақтар, бейнеролик көрсетілді. 
Мақсаты: Оқушыларға ұлттық валютамыз теңгенің даму тарихымен алғашқы банкноттардың тарихы жайлы, теңгенің маңыздылығын кеңінен насихаттау. Оқушыларды тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі  — теңгемен таныстыру, төл теңгеміздің шығу тарихы, айналымға ену кезі туралы  мағлұматтар беру.
Теңге – Қазақстан республикасының мемлекеттік нышаны. Әнұран, ту және елтаңба сияқты ұлттық валюта да мемелкеттік нышандардың қатарына жатады. «Банкнот фабрикасының құрметті қонақтар» кітабында ол ашылған күн – 1995 жылы 19 мамырда ҚР президенті жазып қалдырған мынадай жазу бар: «Біздің еліміздің экономикалық тәуелсіздігінің жарқын туындысы – біздің астанамызда теңгенің алғашқы пайда болуы, халықтың және болашақ ұрпақтың игілігіне қызмет етсін»,-деген болатын.
Ұлттық валютамыз 1993 жылы 15 қараша күні енгізілді. Қазақ теңгесі Англияда басылды. Ұлттық валютамыздың дизайнын жасаушы авторлық топтың жетекшісі Тимур Сұлейменов болды. «Тиыннан теңге құралады»,- демекші, ақшаны үнемді пайдалану керек.
Көркем еңбек сабағында Ұлттық валюта тақырыбы қамтылды. Оқушылар теңгені бейнелеп, Ұлттық валютамыздың 30 жылдық мерейтойы қарсаңында ұсынылған ақшалардың жаңа дизайнымен танысты. 
5 Ж сынып оқушылары Алимжан Дильназ және Глянкина Нелланың тақырып бойынша салған суреттерімен