17
қараша
2023
"Алтын күз" атты сайысы өтті.
2023 жылдың 9-10 қараша күндері, мектебімізде "Өзін-өзі басқару ұйымы" ұйымдастырған "Алтын күз" атты сайыс өтті. Бұл сайыс 5-6, 7-8 сыныптар аралығында екі ауысымда өткізілсе. Ал 9-10 сыныптар арасында келесі күні, яғни 10 қараша өткізілді. Бұл сайыстың басты мақсаты, мектеп оқушыларының бойындағы шығармашылық қабілеттерін дамытып, әр сыныптың ішіндегі біртұтастықты ұлғайту болған еді. Жалпы сайыс 3-кезеңнен тұрды. Ол:
1. Таныстырылым;
2. Вальс;
3. Сән көрсету.
Осы 3 кезеңде әділ-қазылардың әділ бағасын алып, өз өнерлерін көрсетіп, өздеріне тиесілі әділ орындарын алды.
Мерекелік іс-шара жоғары деңгейде және көңілді өтті. 2023 жылдың MISTER&MISS AUTUMN анықтап, марапатталды. Ал 2 күнге созылған іс-шарамызға мектеп бойынша 42 сынып қатысты!
7-8 сыныптар арасында Бас жүлдені 8 “Ә” сынып, I орынды 8 “А” сынып, II орынды 8 “Е” сынып, III орынды 7 “Г” сынып иеленді. Барлық орын алған жеңімпаздарымызды құттықтаймыз.
9-10 сыныптар арасында Бас жүлдені 10 “Ә” сынып, I орынды 9 “Ә” сынып, II орынды 9 “В” сынып, III орынды 10 “Б” сынып иеленді. Барлық орын алған жеңімпаздарымызды құттықтаймыз. Биік белестерден көріне беріңіздер.