Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Meeting with new members of the debate club “Zaman”
24
қараша
2023

Meeting with new members of the debate club “Zaman”

Қатысқандар: дебат клубының жетекшілері: Айменова М.Ж., Ерланқызы А., ағылшын тілі пән мұғалімдері, дебат клубының мүшелері:   7-11 сынып оқушылары


          Күн тәртібіндегі бірінші сұрағы бойынша клуб жетекшісі: Айменова М.Ж. клуб мүшелері мен мұғалімдерді осы аталған клубтың осы отырысындағы жұмыс жоспарымен таныстырды. Сонымен қатар дебат клубын ағылшын тілінде жүргізудің мақсаттары мен міндеттерін айқындады. Клубтың негізгі мақсаты: оқушылардың тапқырлық ,ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру,оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

ПІКІР-САЙЫСТЫҢ ШАРТЫ
 1.Пікір-сайыстың негізгі мақсаты- өзіңіз ұстанып отырған бағытын дұрыс екенін дәлелдеп шығу.

2.Екі қарсы топ \жақтаушы, даттаушы\ берілген қарар бойынша төрешілерді өз бағыттарының дұрыс екеніне көндіруі тиіс.

3.Әр топ төрт ойыншыдан тұрады . Әрқайсысының ойында өз орны бар және міндеттері нақты белгіленген.

Пікір – сайыс тәртібі.

Пікір –сайысты жақтау тобының бірінші спикері бастайды. Оның 5 минут уақыты бар. Сөзін төрешілерді, қарсыластарын, көрермендер мен өз тобымен амандасудан бастап, өз кейсіне көшеді. Ең алдымен қарарымен келіседі ( мысалы: «Жастардың сайлауға қатыспауы ақталмайды»), содан кейін қарардағы негізгі ұғымдарды анықтайды – «сайлау», «ақталмайды», «жастар».

Негізгі ұғымдарға анықтама берудің маңызы өте зор. Сол арқылы ойыншылар осы пікір – сайыста қозғала алатын немесе қозғауға болмайтын мәселелер шеңберін анықтап алады. Анықтама берген кезде ойыншылар анықтаманың қайнар көзін ( алынған жерін), тіпті бетін көрсетуі тиіс.

Пікір – сайыс басталмай тұрып, төреші топтарға жеребе тартқызып, олардың бағытын анықтайды (жақтау / даттау), осыдан кейін топтар дайындыққа 15 минут уақыт алады. Бұның сыртында әр топтың ойын барысындағы сөздеріне, қарсы сұрақ – жауаптарға дайындалу үшін 8 минут уақыттары бар, бұл уақытты пайдалану, бөлу мәселелері топтың өз еншісінде. Әр ойынды уақытты қадағалап отыратын уақыт төрешісі болуы тиіс.

Қарардың негізгі ұғымдары анықталғаннан кейін, бірінші спикер жақтау тобының критерйін енгізеді. Критерийді әр топтың өз қарарын, өз бағытын қорғаудағы негізгі мәні, сол қарарды қолдаудағы мүдделері ретінде қарастыруға болады. 

          Екінші мәселе бойынша дебат клубының жетекшісі: Айменова М.Ж. дебат клубының мүшесі болуға үміткерлікерлер арасынан клубтың жаңа мүшелерін сайлады.           

Алдағы ойындарда мектепішілік, ауданаралық, қалалық сайыстарға өте жақсы дайындалып, жақсы ойын көрсетіп, жүлделі орындар иеленуге тырысу керектігі айтылды.


Қаулы:

  1. Жылдық жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылсын.
  2. Алдағы уақыттарда дебат ойындарында оқушылардың ізденіс жұмыстары жүйелі түрде жүргізілсін.


Директордың тәрбие ісінің орынбасары:                                     Жетенова Ж.Т.

Ағылшын тіліндегі дебат жетекшісі:                                           Айменова М.Ж.