Қалалық кітапханада көрме өтті
Қыркүйек айының 16 жұлдызында сағат 10:00-де Алматы қаласы Назарбаев көшесінде орналасқан "Жамбыл атындағы қалалық кітапханада" Түркия университетнің ұйымдастырумен көрме өтті. Сол көрмеге мектебіміздің 11 "Ә" сынып оқушылары, Газиз Аяулым, Оралова Айым, Дайрабек Ұлдана, Жиентай Аяжан барып қайтты. Мектепті бітіргелі жатқан оқушыларымыз өзге елдің кітап көрмесіне қатысып, көптеген ақын-жазушылардың шығармашылығымен танысып келді. Кітапханаға бару - жан азығы деп бекер айтпаса керек.