Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
наурыз
2023

«Жыр алыбы- Жамбыл ақын»



      2023 жылдың  1 наурыз күні №205 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында «Жыр алыбы- Жамбыл ақын» тақырыбында кітапханашылардың ұйымдастыруымен 7ғ -сынып оқушыларына   LED экраннан Жамбыл  Жабаев өмірі мен шығармалары көрсетілді. Сонымен қатар оқушылардан сұрақ жауаптар алынды.

Мақсаты: Ақынның өмірін, өлеңдерінің өзіндік табиғатын саралай отырып, өзге  жазушылардан өзгешелігіне көңіл бөлу.  

Жамбыл туындыларының ерекше түрі – оның сатиралық өлеңдері. Жамбылдың да сатиралық өлеңдері адам мінез-құлқындағы, қоғамдағы ұнамсыздықты, жағымсыз әрекеттерді мінеген ащы сын, өткір мысқылға толы. Жамбылдың сатирашы ақын екені оның «Кәдірбайдың төбеті», «Кәкімге», «Сәт сайланарда», «Өстепкеде», «Есенәлі мешкейге» сияқты өлеңдерінен-ақ айқын сезіледі

1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс жайлы: “Патша әмірі тарылды”,  “Зілді бұйрық”, “Халық кегі”, “Халықтың еркі кетті басынан Төңкеріске дейінгі ел басындағы ауыр халі жайлы:  “Жылқышыға”, “Кедей күйі”, “Мәңке туралы”, “Қалиға”, “Шалтабайға”, “Әділдік керек халыққа”

Ашынған елдің айбарлы ерлігі,  қаһармандық қуаты жайлы:  “Қамал бұзған қаһарман”, “Аттан,батыр ұрпағым”, “Ата жаумен айқастық”

Отан туралы: “Ленинградтық өрендерім”, “Ұлы көш”