17
қазан
2022
Кітапханадағы кітап көрмесі



17 қазан 2022 жылы №205 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында «Менің елім-Қазақстан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне Қазақстан мемлекеті туралы кітаптар, сонымен қатар қазақ хандығының тарихына байланысты кітаптар қойылды. Себебі Қазақстан мемлекетеінің тарихы тереңде жатыр.Көрменің басты мақсаты оқушыларымыздың осындай бейбіт тыныш өмір сүріп жатқанымыздың тарихы туралы ақпарат беру. Жалпы Қазақстан мемлекетінің қалай құрылып, оның тамыры қайдан басталғаны жайлы мәлімет беру. Сонымен қатар Қазақстан туралы оқушыларымыз да, оларға білім нәрін беріп жүрген ұстаздарымыз да өзіне керекті материалдарды тез әрі оңай тауып алсын деген мақсатта ұйымдастырылды.