01
қазан
2025
«Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасы сайлауы өтті
«Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасы сайлауы туралы
01 қазан 2025 жылы №205 жалпы білім беретін мектептің акт залында «Жас Ұлан» жастар ұйымының Ұланбасы сайлауы өтті.
Бұл шараға 9-сынып оқушыларынан жалпы 9 үміткер қатысты. Сайлауда дауыс беруге бұрынғы «Жас Ұлан» ұйымының ұланбасшысы, ұйым мүшелері және 10-сынып оқушылары қатысты.
Дауыстарды санау нәтижесінде ең көп дауыс жинаған 9 «Б» сынып оқушысы – Мамуржан Мадина «Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасы болып сайланды.
Қалған үміткерлер ұйымның 7 бағытына бөлініп, жауапты қызметтерге тағайындалды.
Алдағы уақытта «Жас Ұлан» ұйымының жұмысына табыстар, белсенділік және шығармашылық жетістіктер тілей отырып, барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! 🌟