Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
қыркүйек
2024

Тілдер мерекесі

             2024 жылдың  02-13   қыркүйек күні аралығында мектеп кітапханасында тілдер мерекесіне орай "Тілім-менің тірегім" тақырыбы бойынша оқушыларға LED экраннан бейнероликтер көрсетіліп, библиографиялық шолу жасалды. Сонымен қатар Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нұрышхан Лиза және музыка пәні мұғалімі Сабраев Болаттың ұйымдастыруымен «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне арналған «Ана тілім-менің мақтанышым» атты мектепішілік ән байқауын өткізді. Байқауға 5,6 сынып оқушылары қатысты. Мектепішілік ән байқауында өзінің өнерімен көзге түскен оқушылар I,II,III дәрежелі дипломмен марапатталды.

      Мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру.