18
ақпан
2026
Кәсіби бағдар беру
18 ақпан күні мектебімізде Каспи университеті колледжінің өкілдері қонақта болып, 9–11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында колледждегі мамандықтар, оқу шарттары және қабылдау талаптары туралы толық ақпарат берілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауап алды. Іс-шара оқушылардың болашақ мамандық таңдауларына бағыт-бағдар беруге ықпал етті.