13 ақпан 2026 0 1 2 3 4 5 Кәсіби бағдар 13 ақпан күні мектебімізге Алматы көлік және коммуникация колледжінің өкілдері келіп, 9–11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында колледждегі мамандықтар, оқу шарттары және қабылдау ережелері туралы ақпарат берілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, болашақ мамандықтары туралы мәлімет алды.